Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні

26.02.2017

Posted by A.Nurtassov on December 29, 2016

28 желтоқсан күні  2017 жылғы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізуге атсалысатын еріктілерді іріктеу байқауы аяқталды. Еріктілерді жинау кезінде 14 мыңнан аса өтінім келіп түсті.

Еріктілер жинаудың бірінші кезеңі Алматыда 27 қыркүйекте басталды. Өтінімдер жазбаша сауалнама түрінде, сондай-ақ, Универсиада сайтында онлайн арқылы қабылданды. Барлығы 14 165 өтінім жіберіліп, көбісі алматылықтардан (Алматы қаласындағы оқып жүрген студенттер - 9 303) келіп түсті. Сондай-ақ, Универсиада-2017 еріктісі атанғысы келетіндердің дені жақын көршілеріміз - ресейліктер арасында көп болды, барлығы 3594 адам өтінім жіберген. Өтінімдер Қазақстан өңірлерінен, сонымен бірге, Италия, Канада, АҚШ, Қытай, Ливан, Ұлыбритания, Гонконг, Украина, Молдавия, Өзбекстан секілді алыс және таяу шетелден де келіп түсті.

Еріктілерді тарту мақсатында 15 жоғарғы оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылып, Алматы қаласының 27 оқу мекемесінде еріктілер бағдарламасының таныстырылымдары өткізілді. Осының нәтижесінде аталған іс-шараларға қатысқандардың 96%-ы Универсиада-2017 еріктісі атануға ниет білдірді. Өтінімдердің көпшілігі 18-25 жас аралығындағы (97,9%) жастардан келіп түскенімен, 25-49 жас аралығындағы тұрғындар арасында да ерікті боламын дегендер табылды (86 өтінім), ал, 32 өтінім 50 жастан асқан тұлғалардан келіп түсті.

Универсиада-2017 еріктілерінің негізгі құрамы ағылшын тілін жақсы меңгерген, көшбасшылық және ұйымдастыру қабілеттері жоғары жасы 18- 80 аралығындағы тұлғалар болуы тиіс. Универсиада кезінде жұмыс жасау үшін барлығы 3000 ерікті таңдап алынды. Ниет білдірген тұлғалармен бетпе-бет және skype арқылы сұхбаттасулар өткізілді. Қазақстан Республикасы өңірлерінен, сондай-ақ, алыс және таяу шетелден қатысатын еріктілер саны 200-ден асатындығы қазір белгілі болып отыр.

Қазіргі таңда еріктілерді үйлестірумен айналысатын, тиісті оқытудан – тренингтер, дәрістер мен спорт нысандарында квестерден өткен 150 адам таңдап алынды. Қазірдің өзінде еріктілердің бір бөлігі 2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу және өткізуге арналған іс-шараларға, атап айтқанда, делегация басшыларының жұмыс кездесуі, Универсиада-2017 нысандарындағы сан алуан спорт іс-шаралары, Универсиада-2017 ойындарына дейінгі 100 күнді тойлау секілді тағы да басқа іс-шараларға қатысуда. Еріктілермен жұмыс жүргізудің келесі кезеңінде келісімдерге қол қойылып, оларға қажетті киім-кешек берілетін болады. Жұмыс кезінде еріктілер тамақпен, тегін жолақымен және ұялы байланыспен қамтамасыз етіледі.

вымвымвымыв

Универсиада кезінде еріктілер 30-дан аса қызмет бағытында жұмыс жасайтын болады. Олардың көпшілігі спорт жарыстарындағы жұмыстарға тартылып, сондай-ақ, кіріп-шығуды бақылау қызметі, көлік, баспасөз қызметі, медицина, Атлеттер ауылы, көрермендермен жұмыс жүргізу, мәдени іс-шаралар, қонақтарды жайғастыру, аккредиттеу, қауіпсіздік, бас ақпараттық орталық, тағы да басқа жұмыс телімдерінде қызмет етпек.

Жастар Универсиада-2017 аясындағы еріктілер бағдарламасына түрлі себептерге байланысты үлкен қызығушылық танытып отыр. Өйткені осындай ауқымды оқиғаға атсалысудың арқасында олар шет тілі дағдыларын жақсартып, халықаралық жобада баға жетпес тәжірибе жинауға, жаңа адамдармен танысып, өзін тату команданың мүшесі ретінде сезінуге, аса әсерлі өтетін спорт сайыстарын өз көзімен тамашалауға, т.б. мүмкіндіктерге қол жеткізбек. Ең бастысы, еріктілердің барлығы 2017 жылы Алматы қаласында өтетін XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы лайықты деңгейде дайындап, оны өткізуге шын ниетпен өз үлестерін қоспақ.

almaty2017.com

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.