Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні

26.02.2017

Posted by A.Nurtassov on January 03, 2017

2017 жылы Алматы қаласында өтетін XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция Универсиадаға билет сатып алатын Қазақстан Республикасы азаматтары арасында жүлделерді ұтысқа салатындығы жөнінде хабарлайды. Универсиада аясында спорт жарыстарына, сондай-ақ, ашылу және жабылу салтанаттарына билет сатып алған жасы 18-ден асқан Қазақстанның барлық азаматтары ұтысқа қатыса алады. Ұтыс кезінде сатып алынған билеттің бірегей 9 санды нөмірі ойналатын болады.

Жүлделерді ұтысқа салу 2016 жылдың 20 желтоқсанында басталды және ол екі кезеңнен тұрмақ. Бірінші кезеңге 2017 жылдың 11 қарашасына дейін сатып алынған билеттер қатысса, екінші кезеңде 2017 жылдың 08 ақпанына дейін сатып алынған билеттердің барлығы қатысады. Бірінші кезең аясында түрлі бағалы сыйлықтар – ноутбук, смартфон, планшет, тұрмыстық техника, сондай-ақ, 2017 жылы Саппорода өтетін Азия ойындарына 2 билет, ал, екінші кезеңде супержүлде – Алматы қаласында екі бөлмелі пәтер ұтысқа салынады.

Ұтыс ойынының өтетін жері, күні мен уақыты Универсиада сайтында жарияланады. Ұтқан билет нөмірін анықтайтын ұтыс ойынына арнайы комиссия бақылау жүргізеді. Ұйымдастырушылар ұтыс өткізілген күннен бастап 30 күн ішінде жүлделерді алып кетуге болатындығын хабарлайды. Шақырту билеттері мен тегін берілген билеттер ұтысқа қатыса алмайды.

Алматыда өтетін Универсиада қала және оның тұрғындарының, қонақтарының өміріндегі жарқын оқиғаға айналмақ. Ұйымдастыру комитетінің Универсиада аясында жоспарлаған іс-шаралары  арқасында қазақстандықтар айтулы спорт мерекесіне қатысып қана қоймай, сонымен бірге, Универсиадаға билет сатып алу арқылы сыйлықтар мен супержүлдені ұтып алуға мүмкіндік пайда болып отыр.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.