Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні

30.09.2016

Posted by malik on May 20, 2014

Лос-Анджелесте WBA тұжырымы бойыншы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның промоутері Том Леффлердің қатысумен баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатында Головкиннің келесі жекпе-жегі 26-шы шілдеде Нью-Йорк қаласының Madison Square Garden (MSG) аренасында өтетіні белгілі болды. Жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді.

Том Леффлердің айтуы бойынша, әлемнің экс-чемпионы  Дэниэл Гилдің өкілі Гэри Шоумен келіссөздер жүріп жатыр. Естеріңізде болса, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Головкинді австралиялық Джарод Флетчермен жекпе-жекке шығуға міндеттеген еді. Бұл шешімге Головкиннің командасы риза еместігін білдіріп, қауымдастық басшылығына Дэниэл Гилмен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік беру жөнінде өтініш жолдады. Том Леффлер  26 шілдеге жоспарланған жекпе-жектің өтетініне сенетінін айтты.

Головкин мен Гил арасындаға келіссөздер сәтті аяқталса, жекпе-жек MSG-нің 20 мың адамға арналған аренасында өтеді. Қазақстандық боксшының алдыңғы кездесулері Madison Square Garden-нің 5600 көрермен сиятын театрында өткен болатын.

 Айта кетер жайт, Головкин екінші орта салмаққа ауысуға  және осы салмақтағы боксшылармен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді. Боксшының командасы да бұл бастамаға қарсы емес.   Геннадий Головкин 31 мамыр күні, WBA мен IBF біріктірілген Карл Фроч пен Джордж Гроувс жекпе-жегінің жеңімпазымен  және осы дивизонның мықты боксшысы саналатын Андре Уордпен де жекпе-жекке шығуға әзір екенін айтуда.

Фото: gggboxing.com

 

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 55-33-85

© 2013-2015 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.