Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні

24.09.2016

Posted by muratbek on May 30, 2014

«Қазақстанның үздік хоккейшісі» байқауының ұйымдастырушылары дәстүрлі сауалнама өткізіп, маусымның үздік ойыншысын анықтады. Елордалық «Барыс» клубының шабуылшысы Брэндон Боченски маусымның үздік хоккейшісі деп танылды.

Байқаудың өткен жылғы жеңімпазы – Ұлттық құраманың және астаналық клубтың шабуылшысы Роман Старченко екінші орынды иеленді.

Ал үшінші орын «Қазцинк-Торпедо» командасының шабуылшысы Евгений Рымаревқа бұйырды.

Ұлттық құраманың және «Барыстың» орталық шабуылшысы Николай Антропов төртінші орыннан көрінді.

Бесінші және алтыншы орында қарағандылық «Сарыарқа» шабуылшысы Константин Макаров пен  «Барыстың» канадалық легионері Найджел Доус.

Әріқарай тізімде Ұлттық құрама мен «Барыстың» қақпашысы Виталий Еремеев пен орталық шабуылшысы Дмитрий Уппер тұр.

Үздік ондықты «Барыстың» тағы бір голкипері, фин  Ари Ахонен қорытындылады.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 55-33-85

© 2013-2015 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.