Кәсіпқой бокстан WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин шілде айының үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды WBA сайты.

Қазақстандық спортшы 27-ші шілде күні Нью-Йорктің «Madison Square Garden» аренасында Дэниэл Гилмен жұдырықтасқан болатын. Головкин жекпе-жек басталғаннан шабуылдар ұйымдастырып, үшінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.

Бұл – 32 жастағы қазақстандық боксшының кәсіпқой шаршы алаңдағы 30-шы жеңісі. Головкин келесі жекпе-жегін екі-үш айдан кейін өткізеді деп жоспарлануда.

Оған қоса, боксшы келесі көктемде WBA тұжырымы бойынша чемпиондық белдігін қорғау үшін жекпе-жекке шығуға міндетті. Бұл жекпе-жек Мәскеуде өтуі мүмкін.

Оған Флойд Мейвезер, Мигель Котто және Питер Куиллин қарсылас атануы ықтимал.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 55-33-85

© 2013-2015 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.