Бүгін, 9 маусым Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты ұлттық аза тұту күні

10.12.2016

Posted by muratbek on August 18, 2014

Беларусь астанасы Минскіде байдарка мен каноэ есуден әлем чемпионаты мәресіне жетті. 500 метр қашықтыққа созылған байдаркадан командалық сайыста қазақстандық спортшылар мәреге бірінші жетті, деп хабарлайды sk-sport.kz сайты.

Құрамында Илья Голендов, Андрей Ергучуев, Дәулет Сұлтанбеков пен Юрий Березинцев сынға түскен Қазақстан құрамасы 1 минут 27.37 секунд нәтижесімен алтын жүлдеге қол жеткізді. Күміс жүлдені Чехия, ал қоланы Беларусь елінің спортшылары иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл төрттік бұған дейін 1000 метрлік сында күміс жүлде иеленген болатын. Осылайша, Қазақстан құрамасы студенттер арасындағы әлем чемпионатының жалпы командалық есебінде бесінші орын алды.

Әлемдік додаға 22 елден 250-ге жуық атлет қатысқан.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2015 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.