Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді

Астана қаласында 2017 жылғы 24-27 маусым аралығында Астана қаласы әкімдігінің қолдау көрсетуімен Көркем гимнастикадан сеньорлар арасындағы 9-Азия чемпионаты және Көркем гимнастикадан жасөспірім қыздар арасындағы 15-Азия чемпионаты өтеді. Жарыс «Дәулет» СК-де өтеді. Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, «Қазақстандық гимнастика федерациясы» ҚБ және «Астана қаласы Көркем гимнастика федерациясы» ҚБ болып табылады.

Жарысқа Азия өңірінің 15 елінен келген ең мықты деген 150-ге жуық спортшы қатысады. Жарыс шеңберінде 54 медаль жиынтығы ойнатылатын болады.

Көрермендер Азия чемпионатындағы жарыстармен қатар, салтанатты ашылу рәсімі күтеді. Онда қонақтар қазақ халқының мәдени мұраларымен және дәстүрлерімен қысқаша таныстырылады, сонымен қатар біздің еліміздің бірегей ерекшелігі болып табылатын көпұлттылығы көрсетіледі.

expo2017culture.kz