Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Теннистен «Президент кубогі-2017» халықаралық турнирі Өтеді

2017 жылғы 17-23 шілде аралығында Астананың ұлттық теннис орталығында теннистен Challenger ATP және ITF Women’s «Президент кубогі-2017» XIX xалықаралық турнирі өтеді.

«Президент кубогі-2017» - кәсіпқой теннисшілер (ерлер мен әйелдер) үшін Қазақстанда ұйымдастырылатын ең беделді жарыстардың бірі болып табылады. Турнир 1991-ші жылдан бері өткізіліп келеді.

Турнирді ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстанның теннис федерациясы.

Турнирдің жалпы жүлде қоры- 225 000 USD.

«Президент кубогі» - турнирінің танымалдығы өсіп келеді, ол туралы жыл сайын қатысушылардың ұлғаюы куәландырады. 2016 жылы турнирге әлемнің 40 елінен 200-ге тарта спортшы келген.