Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

«Kazsport» жеңіл атлетикадан «Гауһар Лигасы - 2017» тікелей эфирде көрсетеді

2017 жылдың 13 мамырында Шанхайда жеңіл атлетикадан «Гауһар Лигасы - 2017» екінші кезеңі өтеді.

Гауһар Лигасы (Diamond League) — жыл сайын жеңіл атлетикадан өткізілетін  коммерциялық жарыстар сериясы. Бұл Лиганы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының қауымдастығы ұйымдастырады.

Айта кетейік, спортшылар әр бағдарламада жеті рет сайысқа түсіп, ұпай жинайды. Финалда ұпайлар саны еселенеді.

Финал Цюрих және Брюссел қалаларында өткізіледі. Лондондық Гран-при 2 күн бойы ұйымдастырылып, жалпы бір кездесу болып саналады. Егер де ұпайлар саны тең түссе, жеңімпаз финалдағы жеңіс арқылы анықталады. Гауһар Лиганының бас жүлдесін жеңу үшін спортшы финалға қатысуы қажет.

13 мамырда «Гауһар Лигасы - 2017» жарысын «Kazsport» арнасынан тікелей эфирде көріңіздер. Трансляцияның басталуы – 16:55.