Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Қазақстандық жеңіл атлеттер Азия чемпионатында тағы екі алтын ұтты

Осы күндері үндістандық Бхубанешваре қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық жеңіл атлеттер 8 шілдеде екі алтын, бір күміс ұтты, деп хабарлайды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы. Қазақстандықтар үш қарғып секіруде жақсы жетістік көрсетті. 18 жастағы Мария Овчинникова 13.72 метр нәтижемен чемпиондық титулды жеңіп алды. Алтын медальдан басқа Мария Овчинникова құрлық чемпионы ретінде 4-13 тамыз аралығында Лондонда өтетін әлем чемпионатында жарысқа қатысу құқығын алды. Біздің жеңіл атлеттер 4 спортшы 100 метрлік эстафетаға жүгіруден үздік таылды - 43.54. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен: Рима Кашафутдинова, Виктория Зябкина, Светлана Голендова, Ольга Сафроновалар. Жарыс бағдарламасының тағы екі түрінде қазақстандық жеңіл атлеттер төртінші болды: Дмитрий Коблов - ерлер арасында 400 метрге жүгіру, әйелдер арасында Мерджен Ишангулиева. Төртінші қорытынды күн алдында қазақстандық жеңіл атлеттер активінде - 6 медаль: 3 алтын, 2 күміс, бір қола. Командалық есепте Қазақстан Үндістан (7, 4, 9), Қытай (5, 6, 4) және Иран (4, 0, 1) елдерінен кейінгі төртінші орында. Чемпионатқа барлығы 43 елден жеңіл атлеттер қатысуда.