Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Қазақстандық жеңілатлеттер Қытайда өткен Азия біріншілігінен екі алтынмен оралды

Жеңіл атлеттеріміз Қытайдың Цзиньхуа қаласында өткен  Азия біріншілігінен олжалы оралды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш додаға Қазақстан атынан 16 спортшы (12 әйел, 4 ер) қатысып, аруларымыз екі бірдей алтын медаль жеңіп алды.

Алғашқы алтынды Виктория Зябкина 100 метрлік қашықтықта жүгіруден қанжығасына байласа, 4*100 эстафетасында қыздарымыз екінші алтынды ел қоржынына салды.

Универсиада ойындарының үш дүркін чемпионы Виктория Зябкина 100 метр қашықтықты 11,44 секундта жүгіріп өтті. Екінші болып тағы бір қазақстандық Ольга Сафронова 11,59 секунд нәтижесімен мәреге жетті.

Айта кетсек,  эстафетада Римма Кашафутдинова (Қарағанды), Светлана Голендова (Жамбыл), Анастасия Тулапина (Алматы) және Юлия Рахманова (Алматы) жарыс жолына шыққан еді.