Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Бүкіләлемдік бокс сериясының жаңа маусымы қашан басталады?

«Астана арландары» өнер көрсететін Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымы ақпан айының бірінші аптасында басталады. «WSB» жобасының ресми сайты таратқан мәліметке сүйенсек, жаңа маусымда додаға 11 команда қатысады.

WSB жобасының чемпионы елордалық «Астана арландары» Азия аймағындағы топта Қытай, Үндістан және Ресей боксшыларымен кездеседі. «Қытай айдаһарлары» мен «Ресей патриоттары» бұл жобада бұған дейін өнер көрсетсе, үндістандық команданың әлі ресми аты да құрамы да белгісіз.

Үндістандық клуб биыл жобаға қатысудан тас тартқан «Өзбек жолбарыстары» командасының орнын басып отыр. Ал еуропалық командалар арасында жаңадан Хорватияның командасы қосылды. Америка құрлығында Аргентина елінің командасы жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» - WSB жобасында бұл серияны үш рет жеңсе, тағы төрт рет күміс жүлдегер атанды. Екі рет кубалық боксшылар топ жарса, Франция мен Италия командалары бір-бір реттен жеңіске жетті.

inform