Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Данияр Елеусінов «Matchroom Boxing» промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды

Қазақстандық боксшы, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов «Matchroom Boxing» промоутерлік компаниясымен  келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокста бақ сынайтын болады.  Даниярдың алғашқы жекпе-жегі 28-сәуірге жоспарланған. Бірақ, әзірге қарсыласы белгілі емес.

 

Отандасымыз бен компания арасындағы келісімшартқа қол қою үшін аталған компанияның басшысы Эдди Хирн арнайы Астанаға ұшып келді.

 

Айта кетейік, «Matchroom Boxing» промоутерлік компаниясымен супер ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа (20-0, 20 КО), жеңіл салмақтағы WBA Super және IBF чемпионы Райан Барнет (18-0, 9 КО), жартылай орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Кел Брук (37-2, 26 КО) пен орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша бұрынғы чемпионы Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) секілді белгілі спортшылар келісімшартқа отырған.