Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Фируза Шәріпова кәсіпқой бокстағы 8-ші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова (7-1, 4 КО) мен бельгиялық Джемилла Гонтарюктың (13-4-1, 2 КО) кездесуі отандасымыздың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Алматыда өткен бокс кешінде Фирузамен бірге Қазақ күресінің қас шеберлері Ұлан Рысқұл мен Бейбіт Ыстыбаев шаршы алаңға бірге шығып, отандасымызға қолдау білдірді. Фирузаның өзі де Қазақ күресінің киімін киіп шықты. Боксшылар IBO және WBS Silver белбеулерін сарапқа салды.

Алғашқы раунд қарсыласынан гөрі қимылы ширақ Фирузаның басымдығымен басталды. Джемилладан қарағанда кәсіби шеберлігінің жоғарылығы отандасымыздың бельгиялықтан оқ бойы озық екендігін байқатты. Бокс әлемінде «Питбуль» атанған бельгиялық көбінде шабуылдаумен болды. Бірақ қорғанысы мығым Фирузаға екінші раундта да жарытып соққы жасай алмады.

Фирузаның бірнеше реткі соққысына қарамастан бельгиялық боксшы физикалық тұрғыда күш-қуаты мол екенін таныта білді. Алайда жылдамдық тұрғысынан Фирузаға есесі кетіп жатқаны айқын еді. Төртінші раундтың соңында Фирузаның белсенділігі қатты байқалды. Соққының бәрін қабылдап тұрса да, барлық раундта да бельгиялық бастырмалатып алға жүруін тоқтатпады. Алайда шабуылының  ешқайсысы нәтижелі емес еді. Ақыры, қос боксшының текетіресі 10 раундқа дейін созылды. Төрешілердің талассыз шешішімен Фируза айқаста жеңімпаз деп танылды. Айта кетсек, бұл кәсіпқой бокстағы Фируза Шәріпованың 8-ші жеңісі. Осыған дейін Фируза тек ресейлік Софье Очигаведен ұпай саны бойынша жеңілген болатын.

inform.kz