Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Геннадий Головкин "The Ring" журналының рейтингісінде бірінші орнын сақтап қалды

Бокс әлеміндегі ең танымал журналдардың бірі "The Ring" салмақтық категориядан тыс әлемнің ең үздік боксшыларының жаңартылған тізімін жасады.

Қазақстандық Геннадий Головкин бірінші орынды сақтап қалды. Екінші орынға Василий Ломаченко, үшінші орынға америкалық боксшы Теренс Кроуфорд жайғасты. 

Ал, допинг дауына қатысты 6 айға спорттан шеттетілген Сауль Альварес төртінші орынға тұрақтады. Аталмыш журналдың рейтингінен мексикалық боксшыны шығару туралы әңгімелер болғанымен, ол өз орнын сақтап қала алды.

ТОП-10 келесідей ретпен көрсетілген:

1. Геннадий Головкин (Қазақстан)

2. Василий Ломаченко (Украина)

3. Теренс Кроуфорд (АҚШ)

4. Сауль Альварес (Мексика)

5. Майки Гарсия (АҚШ)

6. Срисакет Сор Рунгвисаи (Тайланд)

7. Наоя Иноуэ (Жапония)

8. Эррол Спенс (АҚШ)

9. Сергей Ковалев (Ресей)

10. Гильермо Ригондо (Куба).