Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Левит, Ниязымбетов және Қоңқабаев жазғы Азия ойындарына қатыса алмайды

Қазақстанның бокс федерациясы 2018 жылғы Азия ойындарына қатысуға берілетін өтініш үлгілерін алды.

Индонезия елінде өтетін Азиядаға әрқайсы елден әйелдер құрамасы 51, 57 және 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатыса алады. Ал «Олимпиялық» салмақ саналатын 75 келі бұл жолы 57 келі салмақ дәрежесімен алмастырылыпты.. Бұл жарыста ерлер жеті салмақта жұдырықтасады, ал күрес 81,91 және 91 келіден жоғары салмақта өтеді. 

"Азия ойындарының бағдарламасындағы өзгерістер жүлделі орынға үмітімізді азайтты, Дариға Шәкімбаева, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит және болашағынан үміт зор ауыр салмақтағы Қамшыбек Қонақбаев биыл Азия ойындарына қатыса алмайды.

Біз жағдайды түсіндіруін сұрап, AIBA ұйымына хабарластық. Сәуірдің аяғына дейін неге мұндай салмақтар таңдағанын түсіндіреді деген үміттеміз"
, - дейді ҚБФ үйлестірушісі, мемлекеттік бокс бапкері Болат Әбдірахманов. 

Еске салайық, жазғы Азия ойындары Индонезия астанасы Джакартада 18-ші тамыз бен 2-ші қыркүек аралығында өтеді.