Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

МакГрегор мен Мейвезер алғаш рет көз арбасты

Лос-Анджелес (АҚШ) қаласында бес салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Флойд Мейвезер мен жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор МакГрегордың жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихаты өтті. 

Қарсыластар бірінші рет көз арбасып, төрткүндік пресс-турды бастады. Сәрсенбіде, 12 шілдеде олар Канаданың Торонто қаласында, келесі күні Нью-Йоркте, жұмада Лондонда тағы да кездеседі. 

Еске салайық, жекпе-жек 26 тамызға белгіленген және ол бокс ережелері бойынша өтеді. Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін бұл кездесуді ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. БАҚ мәліметі бойынша, Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегінің жалпы табысы 500 миллион фунт (636 миллион доллардай) болады.

vesti.kz