Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Сауль «Канело» Альварес: Біздің жекпе-жек үздік P4P-боксшысын анықтайды

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) 16 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, отандасымыз боксшы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) қарсы өткізетін жекпе-жектің маңыздылығы туралы айтып берді. 

«Мойындаймын, Чавеспен жекпе-жек жеке іс болды. Ал, Головкинмен - бұл нағыз кәсіби жекпе-жек болмақ. Мен осы жекпе-жекте жеңіске жетуді армандаймын. Маған оның титулдары және оның жеңілмегендігі қажет емес. Маған ең бастысы оны жеңу қажет. Осы жекпе-жек ең мықты pound-for-pound (салмағына қарамастан) боксшыны анықтайды, мен үшін ең бастысы осы. Кейбір жекпе-жектерді ұйымдастыруға алты-жеті жыл уақыт кетеді, ал біздің кездесуіміз бір жарым жылда іске аспақшы және ол нағыз өз шағында өтеді. Меніңше, барлығы бақытты болуы керек. Головкин - агрессивті боксшы, ол алға адымдап қарсыласын нокаутқа түсіруді ойлайды. Осы жерде мен өз тәжірибемді көрсетемін, осының өзі біздің кездесуімізді қыздыра түседі», - деді «Канело». 

Fight Network басылымы