Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

«QAZSPORT» телеарнасы футболдан Қазақстан Кубогының финалын тікелей эфирде көрсетеді (ВИДЕО)

14 қазан күні Ақтөбе қаласындағы Қобыланды Батыр атындағы Орталық стадионда футболдан Қазақстан Кубогының финалдық кездесуі өтеді. Бұл матчта ел кубогы үшін алматылық «Қайрат» пен «Атырау» талас жүргізбек.

 

Матчты «QAZSPORT»  телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы - 18:50-де. 

 

Футболдан Қазақстан Кубогы осы жылы жиырма алтыншы рет өткізіліп отыр. Жарыс шығып қалу жүйесі бойынша өтеді.

 

Қазақстан Кубогының жеңімпазы келесі маусымда Еуропа лигасында өнер көрсету құқығына ие болады.

 

Асқар Нуртасов