Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

«Реал Мадрид» - УЕФА Суперкубогы иесі

Македониялық Скопье қаласында өткен УЕФА Суперкубогы үшін кездесуде  «Реал Мадрид» 2:1 есебімен «Манчестер Юнайтед» клубынан басым түсіп, кезекті трофейдің иесі атанды.

Осылайша, «Корольдік клуб» - 1990 жылдан бері «Миланнан» кейін УЕФА Суперкубогын екі рет қатарынан жеңіп алған алғашқы клуб.

Бұл трофей - мадридтік клубтың төртінші УЕФА Суперкубогы. Тек «Барселона» мен «Милан» (екеуінде де бесеуден) клубтары ғана «Реалдан» көбірек бұл кубокқа ие болған.

УЕФА Суперкубогы

«Реал Мадрид» – «Манчестер Юнайтед» – 2:1

Голдар: Каземиро, 24; Иско, 52 – Лукаку, 62

Аталған матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.