Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Жаздың ең қымбат трансферлік ауысымдары

Шілде және тамыз айлары - еуропалық футболда трансферлік ауысым уақыты, клубтар  өз қатарларына жаңа ойыншыларды қосуына мүмкіндік туатын кездердің бірі. Ауысымдар уақыты бітпегеніне қарамастан, әзірге көптеген футболшылар өз командаларын өзгерткен болатын.

Солардың арасындағы ең көп қаражат жұмсалған трансферлерді ұсынамыз:

1. Неймар, «Барселона» «ПСЖ», 222 млн евро;

2. Ромелу Лукаку, «Эвертон» «Манчестер Юнайтед», 84,7 млн евро;

3. Альваро Мората, «Реал» «Челси», 65 млн евро;

4. Бенжамен Менди, «Монако» «Манчестер Сити», 57,5 млн евро;

5. Александр Ляказетт, «Лион» «Арсенал», 53 млн евро;

6. Кайл Уокер, «Тоттенхэм» «Манчестер Сити», 51 млн евро;

7. Бернарду Силва, «Монако» «Манчестер Сити», 50 млн евро;

8. Неманья Матич, «Челси» «Манчестер Юнайтед», 44,7 млн евро;

9. Леонардо Бонуччи, «Ювентус» «Милан», 42 млн евро;

10. Мохамед Салах, «Рома» «Ливерпуль», 42 млн евро.

Әлі де уақыт көп, бұл тізім өзгеруі мүмкін. Себебі, Килиан Мбаппе («Реал» немесе ПСЖ), Филиппе Коутиньо («Барселона» немесе ПСЖ) және Диего Коста («Милан» немесе қытайлық клубтар) трансферлері іске асқан жоқ немесе ауысымдардың тіптен болмай қалуы да мүмкін.