Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

«QAZSPORT» телеарнасы футзалдан УЕФА Кубогы ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

2017 жылдың 11, 12 және 14 қазан күндері Минск қаласында футзалдан УЕФА Кубогының Негізгі раундындағы 1-топтың матчтары өтеді. Беларусь астанасындағы турнирге «Қайрат» (Қазақстан), «Пескара» (Италия), «Столица» (Беларусь), «Динамо» (Ресей) командалары қатысады.

 

«Қайрат» футзал клубы соңғы он жыл көлемінде Еуропаның ең үздік командаларының қатарында. Клубтың 2013 және 2015 жылдары – УЕФА кубогын жеңіп алып, Кәрі құрлықтың үздік командасы атанғаны белгілі.

 

«Қайрат» футзал клубының 11 және 14 қазан күндері «Пескара» және «Столица» командаларына қарсы матчтарын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал ,12 қазан күнгі мәскеулік «Динамоға» қарсы ойынды «QAZSPORT» телеарнасының веб-сайты тікелей эфирде көрсетпек.

 

Көрсетілімдер кестесі:

11 қазан 22:10 ҚАЙРАТ - ПЕСКАРА LIVE

12 қазан 22:30 ҚАЙРАТ - ДИНАМО (Москва)

14 қазан 16:15 ҚАЙРАТ - СТОЛИЦА (Минск) LIVE

 

Асқар Нуртасов