Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

«Qazsport» телеарнасы 2018 жылғы Хоккей жұлдыздары апталығын тікелей эфирде көрсетеді

2018 жылдың 10-14 қаңтары аралығында Астанада Хоккей апталығы өтеді. Осы шараның аясында әйелдер арасындағы хоккей лигасы жұлдыздарының, яғни, екі команданың ең мықты деген ойыншылары кездеседі. Қазақстандықтардың атынан бұл ойынға «Томирис» әйелдер командасының спортшылары қатысады. Сондай-ақ, жастар арасындағы хоккей лигасының ойыншылары да қатысып, өнерлерін ортаға салатын болады.

Ал, мастер шоуға Құрлықтық хоккей лигасының үздік хоккейшілері қатысып, осы спорт түріндегі әр түрлі элементтерін көрсетеді. 

14-і күні өтетін кездесу Құрлықтық хоккей лигасындағы барлық үздік ойыншылардан жасақталған екі команданың арасында болады. Аталмыш ойынға астаналық «Барыс» командасының хоккейшілері қатысады. 

Хоккей апталығы «Барыс Арена» мұз айдынында бірінші болып әйелдер лигасының үздіктерінің шығуынан басталады. Үзілістерде ӘХЛ үздіктері жылдамдыққа, техникалық ойынға байланысты түрлі жаттығулар көрсетіп, тәжірибелерімен бөліседі.

Ал, 11 қаңтар күні Жастар хоккей лигасы дәстүрлі «Шығыс» және «Батыс» болып Жекпе-жек кубогы жеңімпаздарын анықтайтын болады. Жұлдызды аптаны құрлықтық хоккей лигасы төрт дивизионының құрамалары қорытындылайды.

ҚХЛ жұлдыздарының кездесуін «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

 

Көрсетілімдер кестесі:  

10 қаңтар

18:30 Əйелдер Хоккей Лигасы. Жұлдыздар матчы

11 қаңтар

18:30 Жастар Хоккей Лигасы. Жұлдыздар матчы L

 

13 қаңтар

13:00 ҚХЛ жұлдыздары. Мастер-Шоу

 

14 қаңтар

13:00 ҚХЛ. Жұлдыздар матчы