Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Қазақстандық дзюдошылар әскери қызметшілер арасындағы Әлем чемпионатында топ жарды

Швейцарияда Халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) шеңберінде дзюдодан әскери қызметшілер арасында 37-ші Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстандық дзюдошылар, ҚР ҚМ АОСК-ның ефрейторлары Ғұсман мен Ғұмар Қырғызбаевтар турнирдің жеңімпаздары қатарына кірді, деп хабарлайды ҚР ҚМ-нің баспасөз қызметі.

60 келі салмақта ефрейтор Ғұсман Қырғызбаев алжирлық спортшыны ойсырата жеңіп, шешуші кезеңде, яғни, финалда Тунистің спортшысын шаң қаптырды. Оның ағасы ефрейтор Ғұмар Қырғызбаев 66 келі салмақта қазақстандық құраманың қоржынын қола медальмен толықтырды.

Сайысқа әлемнің 30 елінен келген 190 спортшы қатысты. Қазақстан Қарулы Күштері құрамасының намысын ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының 8 спортшысы қорғады.