Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

«Эль-Класико» «Kazsport» телеарнасында

23-сәуір күні футболдан Испания чемпионатының 33-ші туры аясында мадридтік «Реал» өз алаңында каталониялық «Барселонаны» қабылдайды. Бұл матч футбол тарихындағы 236-шы «Эль-Класико» болмақ. 

Бұл екі ұжым - Испания чемпионы атануға негізгі үміткерлер. Дәл қазір Ла Лиганың турнирлік кестесінде «Реал Мадрид» көш бастап тұр. Корольдік клуб 32 турдан кейін 75 ұпайға ие. Ал, «Барселона»  2-ші орында келе жатыр. 

Соңғы рет екі клуб 3 желтоқсанда каталониялық команданың «Камп Ноу» стадионында кездесіп, ойын 1:1 есебімен  тең аяқталған болатын. Бұл матч  «Kazsport» телеарнасының тікелей эфирде көрсеткен алғашқы «Эль-Класикосы» болды.

Алдағы «Эль-Класиконы» «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 00:40-та (сәуірдің 23-інен 24-ісіне өткен түні). Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Екі футбол алыптарының айқасын өткізіп алмаңыздар!