Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Биатлоншылар Галина Вишневская мен Дарья Климина із қуу сайысына жолдама алды

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында әйелдер арасында 7,5 шақырымдық спринт жарысы басталды. Аталған сында Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова, Дарья Климина сынға түсті.  
Галина Вишневская мәреге 22:52,2 уақыт дәрежесімен жетіп, көздеп ату сәтінде 2 қателік жіберіп 30 орыннан көрінді. Ал, сайысты 43 нөмірмен бастаған Ольга Полторанина да ату сәтінен 2 қателікпен мәреге 23:59,6 минут уақытта жетті. Жалпы есепте 63-орынға тұрақтады. Жарыс жолына 73-ші болып шыққан Алина Райкованың көрсеткіштері -  көздеп ату сәтінде 3 мәрте қателік жасап, 23:33,8 уақыт көрсеткішімен 71 орынға тұрақтады.
Жарыс жолына қазақстандық биатлоншылардан соңғы болып шыққан Дарья Климина да көздеп ату сәтінен бірнеше қателіктер жіберіп алып, айып алаңын айналып өтуіне тура келді. Ол мәреге 23:47,7 минут көрсеткішімен келіп, жалпы есепте 58 орынға тұрақтады. 
Айта кетейік, аталмыш сайыста үздік үштікке германиялық Лаура Дальмайер, норвегиялық Марте Ольсбру және чехиялық Вероника Виткова енді. Ал, үздік 60-қа енген спортшылар із қуу сайысана тікелей жолдама алады. Демек, із қуу сайысында  Галина Вишневская мен Дарья Климина бақ сынайтын болады.
Аталмыш сайысты  «Qazsport» арнасы тікелей эфирде көрсетті.