Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков медальдан тыс қалды

ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының ерлер арасындағы фристайлдың могул түрі бойынша финалдық бәсекелер аяқталды. Аталған сында құрама сапынан Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков бақ сынаған еді.

Қос спортшы да іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, финалдық бәсекелерге тікелей жолдама алған болатын. 
Аталмыш сында отандасымыз Павел Колмаков жарыс жолына 14-ші болып шықса, Дмитрий Рейхерд 18-ші нөмірмен бақ сынады. Алғашқы финалдық сайыстан сүрінбей өткен қос спортшы үздік  12 спортшының арасындағы медальдарды сарапқа салатын үздік алтылыққа ене алмады.

Сын сағатында отандасымыз Павел Колмаков 76.10 ұпаймен 7-орында болса, Дмитрий Рейхерд 58.64 ұпаймен 8-орынға тұрақтады. 

Естеріңізге сала кетейік, Пхенчхандағы Қысқы Олимпиада ойындарында спорттың дәл осы түрінде әйелдер арасында жерлесіміз Юлия Галышева қола медальге ие болған еді.