Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Астанада үстел теннисінен ITTF Әлемдік турының гранд-финалы өтті

16-17 желтоқсанда әлемдік үстел теннисі өкілдерінің назары Астанаға ауды. Елордада ITTF Әлемдік сериясының гранд-финалы өтті.

Әйелдердің жұптық тобы бойынша беделді туринирде Қытай спортшылары Чэнь Мэн мен Чжу Юйлинь жеңімпаз атанды. Қытайлық теннисшілер жапониялық қарсыластары Ина Хаята және Мима Ито жұбынан басым түсті

Сондай-ақ, жеңімпаз жұп әйелдердің жекелей жарысында бір-біріне қарсы ойнады. Жеңіс Чэнь Мэннің иелігінде.

Ерлердің жұптық тобы бойынша Гонконг және Жапония командалары арасындағы бәсеке күншығыс елінің спортшылары Масатака Моридзоно мен Юя Ошиманың жеңісімен аяқталды.

Ерлердің жекелей жарысында ITTF әлемдік рейтингінің болашақ (2018 жылдың қаңтары) бірінші нөмірлі ойыншысы Дмитрий Овчаров (Германия) пен Қытай құрамасының көшбасшысы Фань Чжэньдун кездесті. Жеңіс қытайлық спортшының еншісіне бұйырды.

 

Фото: Данияр Майлыбаев