Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Биатлоннан ҚР чемпионатының үздіктері іріктелді

Кеше «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде биатлоннан Қазақстан Республикасы чемпионатының үшінші күні жеңіс тұғырына көтерілгендер белгілі болды.

Бұл 2017 жылы Алатау баурайында алауы тұтылатын қысқы Универсиада қарсаңында ұйымдастырылған тесттік жарыс болып табылады.

Кеше биатлоннан жарыс жолына ізге түсу жарысы (пасьют) бойынша ерлер мен юниорлар бақ сынады. Нәтижесінде, 12,5 км шақырымыдық жарыста ерлер арасында Шығыс Қазақстан облысының өкілі Ян Савицкий жеңіс тұғырынан көрінсе, Антон Пантов екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті Максим Браун қорытындылады.

Юниорлар арасында алтын алқаны Петр Ермоленко жеңіп алса, Дионис Родунер мен Роман Пушкарев сәйкесінше күміс және қола жүлдегер атанды.

inform.kz