Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Бүгін «Kazsport» жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді

Норвегияның Лиллехаммер қаласында 12-21 ақпан аралығында жасөспірімдер арасындағы II қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Ойындарға 16 спорт түрінен 70 медаль сарапқа салынады. Сондай-ақ, дүниежүзінің 70 мемлекетінен келетін 1100-ге жуық 15 пен 18 жас аралығындағы жас спортшылар қатысады. Қысқы Олимпиадаға Қазақстан атынан спорттың 9 түрінен сынға түсетін 18 спортшы бақ сынайды. Олар: биатлон (Арина Пантова, Евгения Красикова, Иван Дарьин, Берік Жанболатов), конькимен жүгіру (Анвар Мухамадеев, Мария Громова), мәнерлеп сырғанау (Элизабет Тұрсынбаева), шорт-трек (Еркебұлан Шамуханов, Анита Нагай), тау шаңғы спорты (Екатерина Карпова), шаңғы спорты (Иван Люфт, Анжелика Тарасова), тұғырдан шаңғымен секіру (Сергей Ткаченко), фристайл (ски-кросс) (Олжас Қайрат, Айжан Сапиянова) және шана спорты (Роман Ефремов, Денис Татьянинченко, Анастасия Богачева) түрлерінің өкілдері. Мемлекеттік ту көтеруші болып шорт-трек спортшысы Еркебұлан Шамуханов сайланды. Ол Австрия елінде халықаралық конькишілер одағы (ISU) ұйымдастырған «Danabia 1 - Austrian Open& Styrian Open 2015» жарысының жүлдегері, Қазақстан біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы. Еске сала кетейік, 2012 жылы Австрияның Инсбрук қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы I Қысқы Олимпиада ойындарында біздің спортшыларымыз 10 спорт түрінен қатысып, үш медальға (1 күміс, 2 қола) қол жеткізіп, жалпы есепте 23-ші орынға ие болған еді. Айта кетейік, «Kazsport» телеарнасы ІІ қысқы Олимпиада ойындарынның ашылу салтанатын жұма, 12 ақпанда, сағат 00:00-де тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, күнделікті түрде шолу жүргізеді.