Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

ПАВЕЛ ЦЫБУЛИН: «ЖАҚСЫ КОММЕНТАТОРҒА БӘРІ ДЕ ҚЫЗЫҚТЫ»

Біздің елде жанкүйерлер спортты тек жақсы көрмей және сүйікті командалары мен спортшыларының жетістіктерін бақылай ғана қоймай, сонымен қатар комментаторлар рөлінде өзін-өзі сынауға тырысады. Бұл ретте, бұл қаншалықты қиын және жауапты екенін тіпті жүзден бір пайызын елестете алмайды. Жүздеген үміткерлердің ішінен тек бірнеше адам бұл жұмысқа лайықты қабілеттерге ие. Жылына екі рет «QAZSPORT» телеарнасы арманды орындауға және өзін комментатор рөлінде сынап көруге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда тағы бір кастинг өтуде. Осы іріктеудің алдыңғы іріктеуден қандай айырмашылығы бар екені туралы «QAZSPORT» телеарнасының директоры Павел Цыбулин әңгіме тарқатты.

 

 – Тарихтағы бұл нешінші кастинг және іріктеу ерекшелігі қандай?

- «QAZSPORT» телеарнасы 2014 жылдан бастап жылына екі рет үнемі комментаторлардың кастингтерін өткізеді. Оларды Алматыда да, Астанада да өткізеді. Бірақ көбінесе барлығы елордада, өйткені бұл жерден біздің телеарна хабар таратуын жүргізеді және бәрібір контенттің 99%-ын осы жерден комментарий жасау қажет. Бұл барлық жылдар ішіндегі сегізінші кастинг және әдеттегідей ол көп сатылы болады. Біріншіден, бұл жағдайдың талабы, өйткені көрермендер әрдайым комментаторларға сыни көзқараспен қарайды. Екіншіден, бұл адамның көп санын, олардың әлеуетін барлық қырынан қарап шығуға мүмкіндік береді. Іріктеу әрқашан өте мұқият өтеді. Алдыңғы кастингтерде 400-ден астам кандидат қаралды, бірақ олардың тек 10-ы ғана іріктелді. Және орташа есеппен 40 адамнан тек қана 1 комментатор болып шығатыны - біздің ортақ қайғымыз. Телеарнаның, таңдау жасайтындардың қайғысы емес, бірақ жалпы қоғамның қайғысы. Үлкен мәселе – бұл сауатсыздық! Кастингке келетіндердің көбісі сауатсыздықтан, грамматикалық тұрғыдан бастап, үміткердің өз ойларын ашық айта алмайтындығымен аяқтап, зардап шегеді. Яғни, ол тақырыпты, жағдайды біледі, спорт туралы білімі бар, бірақ ол туралы сөз қорының кедейлігінен немесе ақпарат ұсыну қабілетінің жоқтығынан айта алмайды. Адамдар жәй ғана оқымайды, ал сауаттылықтың ең жақсы тәлімгері – көркем әдебиет. Өйткені, бәрі де табиғи: егер адам сауатты түрде ойлауды білмесе, онда ол қалай сауатты жазуды да, дұрыс сөз сөйлеуді де, түсіндіруді де білмейді, яғни, комментарийді де жаса алмайды. Тіпті спортты білмейтіндер де кастингке келеді! Олар не үмітпен келеді? Түсініксіз ... Кейбір кандидаттар, мысалы, футболды тамаша біледі, бірақ хоккейді мүлдем білмейді. Бұл да өте нашар, өйткені ол жалпы спорттық білімге әсер етеді. Жақсы комментатор бәріне қызығушылық танытады: түрлі спорт, саясат, экономика, әлеуметтану. Ол жан-жақты дамыған болған кезде, оған «микрофондағы дауысқа» айналуға жеңілірек болады.

Алдыңғы кастингтерден сәтті өткен қазіргі таңда комментатор болып жұмыс істеуде: Лилияна Әлжанова, Ербол Қайыров, Ерік Ерсін, Дидар Қадыров және басқалар. Кейбіреулер спорттық клубтардан келеді. Мысалы, «Астана» футбол клубының баспасөз атташесі Дмитрий Нестеренко табысты комментарий жасауда, тек футболды ғана емес. Николай Михальчук «Астана» баскетбол клубының қызметкері болып табылады және баскетболға комментарий жасайды. Бір қуанарлық жағдай, біздің көп уақыт сендірудің арқасында біздің бұрынғы кәсіби спортшылар комментатор болуға келе бастады. Айқын мысалдар - боксшы Бахтияр Артаев, футболшы Әли Әлиев және волейболшы Марина Стороженко. Мұндай мысалдар көп болады деп үміттенемін.

 

- Сізге қандай комментаторлар керек?

- Барлық спорт түрлерінен. Комментаторларды қажет етпейтін спорт түрі жоқ, өйткені жақсы қызметкерлер көптік етпес. Ең алдымен футболда. Сондай-ақ, волейбол, баскетбол, хоккей, жекпе-жек түрлеріне. Мен ұлттық спорт түрлерінде өз қолын сынап көргім келетіндерді бөлек шақырамын. Тек қазақ тілінде ғана емес. Көкпар, жамбы ату, теңге ілу сияқты спорт түріне орыс тілінде комментарий жасай алатын мамандар жоқ. Бұл қазақ тілінде сөйлейтін аудиторияға ғана емес, орыс тілінде сөйлейтін аудиторияға да қызықты контент. Сондай-ақ біз әйел-комментаторларды - футболға, хоккейге, жекпе-жекке күтеміз. Өйткені, біздің елімізде бұл спорт түрлерімен жеткілікті қыздар саны айналысады, яғни олар ол туралы қызықты әңгіме тарқата алады. Дәстүр бойынша біз қыздарды басқа да спорт түрлеріне күтеміз: мәнерлеп сырғанауға, жеңіл атлетикаға, көркем гимнастикаға, жүзуге. Қысқы спорт түрлеріне комментаторлар қажет. Алдымызда Қысқы Олимпиада ойындары бар, біз ол бойынша бірнеше бөлікпен және бірнеше жаңа комментаторлармен бірге жұмыс атқаратын боламыз деп үміттенеміз. Дегенмен, ерекше ықылас көңілмен біз бірнеше спорт түрлерінде жұмыс істей алатын барлық комментаторларға - әмбебаптарға қарайтын боламыз.

 

 - Іріктеу кезеңдері туралы не айтасыз?

- 1-15 қараша аралығында түйіндеме түрінде өтініштерді қабылдауды жүргізіледі. Сіз оны kazsporttv.kz@mail.ru  телеарнасының электронды мекенжайына жібере аласыз. Содан кейін олар өңделеді және үміткерлер Астанаға үш күнге 17-19 қараша аралығында өтетін кастингке шақырылады. Дұрыс өтінішті жіберген әрбір адамға, өтініш түскен электрондық поштаға жауап жазамыз және белгілі бір уақытқа шақырамыз. Түйіндеме-өтініштерге дұрыс көңіл бөлуге шақырамын. Бүгінгі таңда олардың 100-ге жуық саны түсті, алайда оладың 40-н біз өтініш беру сатысында сауатсыздықтың салдарынан жойдық. Адам «Мен комментатор болғым келеді» деп жазады және суретін қоса береді. Болды! Бірақ бұл жарамайды! Сізге түсініктемеде қандай спорт түріне комментарий жасауды сынап көргіңіз келеді, азаматтығыңызды, жасыңызды, біліміңізді, өмірде жеке өзіңізге және жанкүйер ретінде артықшылықтарды, (бар болса) жұмыс тәжірибені көрсету қажет. Тұтастай алғанда, сіз туралы толық мәліметтің арқасында, бізге кастингке қатыса алатыныңызды түсіну оңайырақ болады. Бұл да іріктеу сатыларының бірі болып табылады, өйткені комментаторға үміткер өзін өзі туралы ақпарат беруді білмесе, аудитория алдында қалай жұмыс істейді? Мен бірден ақылға қонымсыз тағы бір тақырыпты «жабуды» қалаймын, яғни біз өз қалауымыз бойынша комментаторларды таңдаймыз. Жалпы мен бұл туралы естігенде, мелшиіп қаламын, өйткені бұны біздің жұмысымызда МҮЛДЕМ ештеңе түсінбейтін адам айта алады. Мен «QAZSPORT»-та комментатор ретінде «тамыр-таныстық» арқылы жұмысқа кіргендер ғана жұмыс жасайды дейтіндерге ішек-сілем қатқанша күлемін. Ерте ме, кеш пе барлығы комментарий жасау өте қиын жұмыс екенін түсінеді деп үміттенемін. Классикалық түрғыда «тамыр-таныстық» (блат) бойынша комментарий жасау - қоңырау шалғанда және біреуінің інісін жұмысқа қабылдауды сұрағанда, дұрыс па? Сондықтан олай болмайды. Сол жолмен келген адам не тез арада өзі қашып кетеді, өйткені ешкім «сырттан» келіп көмектесе алмайды және тек өз ақыл-ойы мен сөзіне үміт артудың арқасында бұл жағдайдан шығу қажет немесе біз мұндай «адамды» эфирге жақындатпаймыз. Эфирде жай отырып, әңгіме соғып, өз жанкүйерлерімен өз ойыңды бөлісу керек деп есептейтіндерге айтарым - сіз өте қателесіз. Кастинг үшін тек екі шарт бар: Қазақстан азаматтары ғана қатыса алады және олар 22 жастан асқан болуы керек. Алдыңғы іріктеу тәжірибесінен түйіндегеніміз шетелдіктердің біздің эфирде тек функционер, жаттықтырушы немесе спортшы-мамандар ретінде шақыртылып жұмыс істей алады. Біздің мемлекеттік телеарнаның микрофоны алдында орын Қазақстан ұлттық құрамасы киім нысанындағы спортшыны көргенде, ойламай, «автоматты» түрде «біздің» сөзін айтатын адамдарға тиесілі. Сондай-ақ, 22 жасқа толмаған, әдетте, ЖОО бітірмеген, ең аз өмір тәжірибесін алмаған адамдар, комментарий жаса алмайды, жағдайды дұрыс бағаламайды. Жағдайлар спортпен байланысты ғана болмайды, алайда жан толғаныстық, тәртіптік және өмірлік болады.

 

- Бірінші кезең - бәрі келіп, комментарий береді. Әрі қарай не?

- Біз үміткерлерді іріктейміз. Шамамен 20 адам. Бірінші кезеңде бірден кастингке үстіртін қарағандар, спортты білмейтіндер, тілде кемшіліктер бар адамдар, жай ғана уақытты көңілді өткізу үшін және ішінен телеарна қандай болып көретіндігін көруге келгендер, қыздармен қылмыңдасу үшін және комментарий жасау кабинасында «селфи» жасауға келгендер  електен өткізіледі. Көбі кастингті телеарнадағы экскурсия ретінде қабылдайды. Біз оларға бірден «Сау бол!» деп айтамыз. Бұнда келіп, өзің не істей алатыныңды көрсету қажет! Комментаторда сенімділік болу керек. Ешкім көндіріп отырмайды – микрофонның алдына отырып, толық жұмыс жасап шығу қажет. Бірден. Егер адамның қатты толқудың әсерінен дұрыс шықпай жатқанын көріп отырсақ, бірақ ол тақырыпты білсе, онда міндетті түрде оған келесі кастингке белгілі бір мүмкіндік беріледі. Егер лайықтыладың саны 20-дан асатынын көрсек, онда бұл керемет болады. Бірақ, әдетте, олардың саны аз. Содан кейін біз әрқайсысымен сөйлесеміз, оның жетіспеушіліктерін түсіндіріп, қателіктерге назар аударамыз және бір аптадан кейін 24-26 қарашада екінші кезеңге өтуге мүмкіндік береміз. Бұл кезеңде, әдетте, жақсы сөйлейтін, білімі бар, бірақ бұл білімді және дағдыларды көрсетуге жеткілікті тәжірибесі жоқ адамдар қалады. Сондай адамдарға біз міндетті түрде мүмкіндік береміз! Назар аударыңыз! Біз алғаш рет 20 үміткер жазбаларының дауыс нұсқаларын kazsporttv.kz сайтымызда орналастырамыз, осылайша көрермендер өздері қалаған үміткер үшін дауыс бере алады. Бұл бізге біреуге назар аудару үшін қосымша мүмкіндік береді. Осыдан кейін ең үздік 20 тағы бір іріктеуден өтеді, одан 10 адам қалады. Біз оларды өзіміздің пікірімізді білдіретін Телерадиокорпорацияның көркемдік кеңесіне көрсетеміз, онда өз пікірімізді айтамыз, жанкүйерлердің дауыс беру нәтижелерін көрсетеміз және көркемдік кеңес мүшелерін тыңдаймыз. Бұған «Қазақстан» Телерадиокорпорациясының басшылары, өткен жылдардың және бүгінгі таңда белгілі спортшылар, филологтар, журналистер, блогерлер кіреді. Жан-жақты қараймыз. Осылайша, біз бұл лайықты адамдарды іріктеп, жаңа жылдан бастап комментарий жасауға кірісе алатынына үміттенеміз. Іріктеуге желтоқсанның соңғы аптасында нүкте қойып, жеңімпаздардың есімдерін жариялаймыз.

 

- Яғни, бірінші рет жанкүйерлер де комментаторларды таңдайды ма?

- Ия, және менің ойымша, кейін біздің қымбатты жанкүйерлеріміз өздері таңдаған адамдарға наразылықты білдірмейді деп үміттенемін! Біз тыңдағыңыз келетіндерді таңдауға мүмкіндік береміз. Неғұрлым көп дауыс болса, соғұрлым арнадағы «дыбыстық лег» қызықты.

 

- Әрдайым комментаторларға қажетсіну бар ма?

- Ия. Бұл спорт секілді. Кез келген команданы немесе құраманы алыңыз. Ойыншыларды іздеу ешқашан тоқтатылмайды. Әрқашан команда жаңарып тұрады. Біреу жасына байланысты, денсаулығының салдарынан кетеді. Біреу өздерінің тұрғылықты жерін, жұмыс орнын өзгертеді және кейбіреуі жай ғана моральдық тұрғыдан шаршайды. Өйткені, комментаторлық - бұл «өзіңнін бойыңнан өткізетін» эмоционалдық жұмыс, және көп жұмыс істегеннен одан ләззат алмау қаупі бар. Бұл жағдайда өзіңізге «тоқта, үзіліс жаса» деп айту керек. Және бұл қалыпты жағдай. Сондықтан жақсы комментаторларды іздестіру мәңгі жалғасады! Біз барлық қалаушыларды күтеміз, өтінімдерді жібереміз!