Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

«QAZSPORT» телеарнасы спорт комментаторларына кастинг жариялайды

Бұл 4 жыл ішінде «QAZSPORT» арнасында өтетін 8-ші кастинг. Өткен іріктеулерде 400-ден аса үміткер қатысып, солардың ішінен таңдап алынғандары бүгінде арнамыздың комментаторлары болып жұмыс атқаруда. Олардың арасында:  Лилиана Әлжанова, Ербол Каиров, Ерік Ерсін, Дидар Қадыров, Дмитрий Нестеренко және т.б. бар.

Кастингтің мақсаты – арнадағы қазақ және орыс тілінде жұмыс істейтін комментаторлар құрамын жаңа есімдермен толықтыру. Кастинг барысында іріктелетіндер:

Жеке спорт түрлерімен (велоспорт, баскетбол, волейбол, регби, хоккей, жекпе-жек, ұлттық спорт түрлері және т.б.) жетік таныс комментаторлар;

  1. Мәнерлеп сырғанау, көркем гимнастика, жүзу сияқты спорт түрлері бойынша комментатор–қыздар;
  2. Барлық спорт түрін жетік меңгерген комментаторлар;

Кастинг 2017 жылы 17-19 қараша аралығында Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 33А үйінде орналасқан «QAZSPORT» телеарнасының ғимаратында өтеді!

Резюмелер 2017 жылдың 15 қарашасы күнгі сағат 20.00-ге дейін kazsporttv.kz@mail.ru электронды адресі бойынша қабылданады.

Резюмелер жеке тұлғаға тіркелген электронды пошталардан ғана қабылданады. Корпоративті электронды пошталардан немесе басқа адамның электронды поштасынан жіберілген хаттар қабылданбайды.

Кастингке 22 жастан жоғары ҚР азаматтары қатыса алады.

Өздерімен бірге жеке куәлік міндетті түрде болу керек.

Әр үміткердің электронды поштасына белгіленген уақыты көрсетілген кастингке шақырту жіберіледі.

 

 «QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ КОММЕНТАТОРЛАРЫНЫҢ КАСТИНГІНЕ ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ


1. Кастингті өткізу жайлы ақпарат  «QAZSPORT» телеарнасының ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар мен парақшаларда жарияланады.

2. Үміткерлер түйіндемелерін kazsporttv.kz@mail.ru электронды поштасына жіберулері керек.

3. Түйіндеме жеке тұлғаға тіркелген электронды пошталардан ғана қабылданады. Корпоративті электронды пошталардан немесе үшінші жақтың электронды поштасынан жіберілген хаттар қарастырылмайды.

4.  Түйіндемелерді қабылдау кастингке екі күн қалғанда аяқталады. Одан кейін түйіндемелер өңдеуден өтіп, арнайы база құрылады. Қарастырылған түйіндемелерден үміткерлер тізімі анықталып, электронды поштаға немесе қоңырау соғу арқылы кастингке қатысуға шақырту жіберіледі.

5. Үміткерлер кастингке көрсетілген уақытта кешікпей, жеке куәліктерімен келулері керек. Үміткерлерге қойылатын талап: тәртіптілік, қызметкерлерге, кастинг ұйымдастырушыларға сыпайы болулары тиіс. Кастинг өту барысында тәртіпті бұзған үміткер кастингке қатыстырылмайды.

6. Кастингке 22 жастан жоғары ҚР азаматтары қатыса алады.

7. Кастингке жауапты адам («QAZSPORT» телеарнасының өкілі): кастинг нәтижесін қағазға түсіргеннен кейін, соңғы шешімді үміткерге жеткізеді. Кейін мәлімдемеге үміткердің және кастингке жауапты адамның қолдары қойылады.

8. Кастигке жауапты адам таңдап алған үміткерлер тізімі Телерадиокорпорацияның басшылығына бекітуге жіберіледі.