Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

«Qazsport» телеарнасының комментаторлығына үміткерлерге онлайн дауыс беру басталды

«Qazsport» телеарнасында комментаторларға жарияланған кастинг жалғасуда. Алғашқы кезеңде барлығы 503 адамнан өтініш келіп түсті. Олардың ішінен кастингтен өтуге 271 үміткер шақырту алды. Екінші кезеңге 47 қатысушы іріктелді. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша 22 адам қалды.

Үшінші кезең - онлайн дауыс беру. vote.kaztrk.kz/qazsporttv/ парақшасында 22 адамның дауысы жазылған бейнежазбалар қойылған. Тыңдай отырып, ұнаған үміткеріңізге таңдау жасай аласыз. Дауыс беру 10-желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Қорытынды кезең - онлайн дауыс беру нәтижесінде іріктелген 10 адамның  үміткерлігі Корпорацияның көркемдік кеңесінде қаралатын болады. Көркемдік кеңеске филологтар, журналистер, блогерлер, БАҚ басшылары, спорт федерацияларының өкілдері және Олимпиада чемпиондары кіреді.