Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

«Kazsport» телеарнасы теннистен Федерация кубогын тікелей эфирде көрсетеді

22-23 сәуір күндері Канаданың Монреаль қаласында Федерация кубогынның екінші Әлемдік топ плей-офф кезеңінің ойындары өтеді. Бұл кезеңде келесі айналымға шығу үшін Қазақстанның әйелдер құрамасы канадалықтармен күш сынасады.

Бұл додада Қазақстан намысын Юлия Путинцева (WTA-31), Ярослава Шведова (51), Галина Воскобоева (268) мен Камила Керімбаева (362) қорғайды.

Ал, Канада құрамасы келесі құрамда өнер көрсетеді: Бьянка Ванесса Андрееска (WTA-189), Франсуаз Абанда (194), Кэтрин Себов (295), Габриэль Дабровски (351).

«Kazsport» телеарнасы Қазақстан құрамасының Федерация кубогындағы өнер көрсетуін тікелей эфирде және жазба түрінде көрсетеді.

Көрсетілім кестесі:

22 cәуір

02:00 Канада – Қазақстан. ІІ ойын. Live

23 cәуір

10:35 Канада – Қазақстан. І ойын

23:00 Канада – Қазақстан. ІІІ ойын. Live

24 cәуір

10:00 Канада – Қазақстан. ІV ойын

Федерация кубогы – әйелдер теннисіндегі ең ірі халықаралық командалық жарыс. Турнирдің ұйымдастырушысы - Халықаралық теннис федерациясы. Федерация кубогы ойындары әртүрлі топтар мен деңгейлерге бөлінген командалар арасында өтеді. Топтардағы жеңімпаздар мен аутсайдерлер келесі маусымда басқа деңгейге ауысады.