Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Путинцева Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 29-ыншы ракеткасы Юлия Путинцева бүгін Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымында Швеция елінің өкілі Юханна Ларссонмен күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

myscore.ru сайтынан мәлім болғанындай, Юлия дүниежүзілік рейтингте 59-ыншы сатыда тұрған Ларссонды тартысты кездесуде 6:3, 1:6, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Путинева үшінші айналымда әлемдік теннистің жарық жұлдыздарының бірі, осы турнирде төртінші ракетка болып тіркелген испаниялық Гарбинье Мугуруса немесе эстониялық Анетт Контавейттің қай жеңгенімен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Михаил Кукушкин испаниялық  Роберто Баутиста-Агутпен кортқа шығады.