Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Теннис: Зарина Дияс жылды жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жылды жеңіспен бастады. Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің бірінші айналымында әлемнің 66-ыншы ракеткасы З.Дияс дүниежүзілік рейтингте 81-орында тұрған франциялық Полин Пармантьемен кездесті. Қазақстандық теннисші 6:3, 6:4 есебімен екі партияда жеңіске жетті.

З.Дияс енді осы турнирдің үшінші, әлемнің 35-інші ракеткасы, қытайлық Чжан Шуаймен күш сынасады. Ол бірінші кездесуінде ресейлік Анна Блинкованы дәл сондай есеппен ұтты. Айта кетейік, Шэньчжэнь турнирінің жүлде қоры - 750 мың АҚШ доллары. Оған әлемнің бірінші ракеткасы, румыниялық Симона Халеп бастаған маңдайалды теннисшілер қатысуда.

inform.kz