Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

28-ші Қысқы Универсиада ойындары Қазақстан үшін сәтті өтті

Алматыда өткен 28-ші Қысқы Универсиада ойындары өз мәресіне жетті. 57 елден келген 1652 спортшы қатысқан бұл додада Қазақстан студенттік құрамасы сәтті өнер көрсетті. Ел қоржынында 11 алтын, 8 күміс және 17 қола бар. Бұл көрсеткіш - Қазақстанның жаңа рекорды.

Жалпыкомандалық есепте 36 жүлде иеленген Қазақстан екінші орын алды.

Орын

Мемлекет

Алтын

Күміс

Қола

Жалпы

1

 Ресей

29

27

15

71

2

 Қазақстан

11

8

17

36

3

 Оңтүстік Корея

11

5

5

21

4

 Жапония

6

12

10

28

5

 Польша

5

2

5

12

 

Алғашқы медальді ел қоржынына шаңғышылар салды. Анна Шевченко 5 шақырымдық жекелей сында қола медальға ие болды. Ал, бірінші алтын жүлдені биатлоншы Алина Райкова 15 шақырымға созылған жекелей сында жеңіп алды.