Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

12 тамыз күні Астанада «EXPO–2017 туры» веложарысы өтеді

12 тамыз күні Астана қаласында Халықаралық  «EXPO - 2017» көрмесі аясында «Tour of EXPO»  (Astana Expo International Criterium) веложарысы өтеді.

Веложарыс  Халықаралық  «EXPO -2017» көрмесі аумағынан басталып, «Байтерек» монументі маңайында аяқталады деп жоспарланған. Монумент жанында жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтеді.

Критериумде 15 мемлекеттен келген 20 велоұжым бақ сынамақ. Барлығы 80-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланған. Кәсіби командалардан жарысқа қазақстандық «Astana Pro Team» , британиялық «Team Sky», жапониялық «Asian Racing Team» және басқа да белгілі ұжымдар қатысады. Ал. жекелеген есімдерге тоқталар болсақ, шабандоздар арасында «Тур де Франс» велокөпкүндігінің төрт дүркін чемпионы Кристофер Фрум, «астаналық» Фабио Ару және отандастарымыз Андрей Зейц пен Бақтияр Қожатаевты ерекше атап өтуге болады.

Сондай-ақ, Қазақстан атынан сынға түсетін шеберлер арасында Мақсат Аязбаев, Виктор Окишев, Мирас Тореханов (үшеуі де «Keyi Look Cycling Team»), Сұлтанмұрат Мирәлиев,  Асылхан Тұрар,  Роман Василенков (үшеуі де «Track Team Astana»), Вадим Галеев, Евгений Непомнящий, Александр Шушемоин мен Евгений Гидич.

Әр спортшы 1,6 шақырымнан тұратын 30-35 айналым, барлығы 50 шақырымдай қашықтықты бағындырмақ.

«Tour of EXPO» жарысында комментатор ретінде  бұрында қазақстандық велошабандоз болған Дмитрий Муравьев қызмет етпек. Астанада өтетін  бұл турды велоспорт жарыстарында мол  тәжірибесі  бар «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Көрсетілім халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілмек.