Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Ковалев уақытынан бұрын жеңіліс тауып, титулдан айырылды (ВИДЕО)

Ресейлік боксшы Сергей Ковалев жартылай ауыр салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін қорғай алмады.

 

Аталған жекпе-жек Атлантик-Ситиде өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. 12 раундқа есептелген кездесу жетінші үшминуттықта аяқталды. Колумбиялық боксшы Элейдер Альварес Ковалевті екі мәрте нокдаунға жіберіп, кейін нокаут жасады.

 

Бұл Ковалевтің мансабындағы үшінші жеңіліс. Бұған дейін ол екі рет американдық Андре Уордтан жеңіліс тапқан еді. Ал, жеңіліп көрмеген Альварес осымен 24-ші рет жекпе-жегін өткізді.