Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Қанат Исламның қарсыласы анықталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның қарсыласы анықталды. 23 маусым күні Лос-Анджелестегі Belasco Theatre кешенінде болатын жекпе-жектегі қарсыласы мексикалық Фернандо Каркамо (23-8, 18 КО) болды. Бокс кеші 10 раундқа жоспарланған.

 

Фернандо Каркамо кәсіпқой бокста екі мәрте титул үшін жұдырықтасқан. Алғаш рет 2012 жылы америкалық кіші Фидель Мальданоны жеңіп WBC Silver белбеуін иемденген болса, 2014 жылы ресейлік Петр Петровке WBA-NABA және WBO NABO белдіктері үшін өткен жекпе-жекте жеңілген.

Өзінің соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың күзінде тағы бір мексикалық Эмилио Канисалесті (6-6-1, 5 КО) нокаутпен жеңген еді.