Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Бекарыс Сәдуақас жасөспірімдер Олимпиадасының Чемпионы

Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Бекарыс Сәдуақас қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. 100 келіге дейінгі салмақта белдескен балуан финалда грузиялық спортшы Илья Сулманидзені жеңді. 


Сәдуақас Бекарыс жарысқа екінші айналымда қосылды. Алғашқы белдесуінде Аболфазл Бахтиари Шожаиді иппонмен ұтса, жартылай финалда Вег Цомбордан басым түскен еді.


Сондай-ақ, қыздар арасында 78 келіге дейінге салмақта бақ сынаған отандасымыз Маргарита Гриценко күміс медальге ие болды. Ол финалда Германия елінің өкілі Игл Рафаеллге есе жіберді.