Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

FIFA – 2018. Хорватия құрамасы финалға жолдама алды

Әлем біріншілігінің жартылай финалында кездескен Хорватия мен Англия құрамалары арасындағы ойын өте тартысты өтті. Матч қорытындысы бойынша хорватиялықтар финалға жолдама алды.

 

Бас төреші ысқырығы шалынысымен ағылшындар өткір шабуылдармен қарсылас қақпасына лап қойды. Ойынның 4-ші минутында Киран Триппьер айып добын сәтті орындап, командасын есепте шығарды.

 

Бұл голға хорватиялықтар ойынның 68-ші минутында Иван Перишичтің добымен жауап қатты. Ойынның негізгі бөлігі тең аяқталып, кезек экстра-таймға жетті.

 

Овертаймда хорватиялықтар 109-шы минуттағы Марио Манджукичтің голымен есепте алға шықты.

 

Осылайша, Хорватия құрамасы өз тарихында алғаш рет Әлем чемпионатының финалына жолдама алып, Франция құрамасымен кездесетін болады. Ал, ағылшындар үшінші орын үшін Бельгия құрамасымен бақ сынайды.