Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

FIFA-2018: «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарындағы ойындар кестесі

Футбол жанкүйерлері асыға күтіп жүрген Ресейдегі FIFA-2018 Әлем біріншілігіне санаулы күндер қалды. 

 

FIFA-ның 21-ші Әлем чемпионаты 14 маусым - 15 шілде аралығында Ресей Федерациясының Волгоград, Екатеринбург, Қазан, Калининград, Мәскеу, Нижний Новгород, Ростов, Самара, Санкт-Петербург, Саранск және Сочи қалаларында өтеді. Әлемнің үздік деп танылған 32 командасы төртқұрлықтың басты жүлдесіне таласпақ. 

 

Осы орайда «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары көрсететін доп додасының эфир кестесін назарларыңызға ұсынамыз.

 

Сондай-ақ, қос телеарнадан әр ойынның алдында  күн сайын «Ресейдегі футбол тойы»  атты ақпараттық-сараптамалық бағдарлама шығатын болады.  Бұл бағдарламада алдағы ойындардың ерекшеліктері талданатын болады.  Сонымен қатар, өткен матчтарға байланысты күн сайын және  апталық шолулар жасалады.

 

 Қазіргі уақытта «Qazsport» арнасының эфирінде «Әлем чемпионатының тарихы» атты ақпараттық-танымдық хабар жүріп жатыр. Хабарда 1930-2014 жылдар арасындағы футбол бойынша Әлем чемпионаттарының қысқаша тарихы мен қызықты оқиғалар жайлы деректер қамтылған.  

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан ойындарға тікелей трансляция жасау үшін еліміздің ең мықты деген футбол комментаторлары жұмылдырылып отыр. Арнаның тұрақты комментаторларынан басқа, сырттан шақырылып отырған білікті мамандар бар. Олар Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян, Жігер Азбергенов, Дмитрий Мостовой, Жандос Смайылов  және тағы да басқалар. Сондай-ақ, кейбір матчтарды  бір топ комментаторлар Ресей стадиондарынан тікелей жүргізетін болады.

 

 

Ойындар кестесін жүктеу      

Соңғы жаңалықтар

LIVE LIVE LIVE

«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы

AppStore

Play Market