Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

«Астана» азулы қарсыласын тізе бүктірді

Футбол Еуропа лигасының екінші туры аясында «Астана Арена» стадионында кездескен жергілікті «Астана» мен француздық «Ренн» командалары арасындағы ойын елордалықтардың пайдасына шешілді.

 

Алғашқы таймда қос команда қарсыласын аңдысумен болды. Қауіпті сәттер аз болғанымен алаң ортасындағы допқа талас қызу жүрді.

 

Екінші таймда Григорий Бабаян шәкірттері ойын тізгінін өз қолдарына алды. Ойынның 64-ші минутында бұрыштамадан асырылған допты ұтымды пайдаланған Бақтиер Зайнутдинов есеп ашты. Ал, соңғы минутта француздық ойыншылардың қателігін ұтымды пайдаланған Марин Томасов  қақпашымен бетпе-бет шығып есепті еселеді. Қорытынды есеп 2:0. «Астана» өз тобында көш бастады.