Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Станимир Стоилов: турнирлік кестеде әлі ештеңе шешілген жоқ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Ұлттар лигасының кезекті турлары аясында баспасөз мәслихатын өткізді.

 

Қазіргі таңда Ұлттық құрама Латвия мен Андорра құрамаларына қарсы ойынға дайындық үстінде.

 

Станимир Стоилов: «Алдағы ойындарға Ұлттық құрама сапында бір ғана өзгеріс бар. Жарақат алған Еркебұлан Тұңғышбаевтың орнына «Қайраттан» Александр Соколенконы шақырттық. Сондай-ақ, Максим Федин де біздің қатарда. Ұлттар лигасындағы алғашқы екі ойын біз үшін сәтсіз аяқталды. Бірақ әзірге ештеңе жоғалған жоқ. Алдағы ойындарда жігіттер барын салып ойнайтынына күмән жоқ. Біз келесі матчтарда ойнау мәнерімізді өзгертеміз. Нәтиже көп күттірмейді деген ойдамыз.»

 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында кезекті ойындарын 13 қазан күні Рига қаласында Латвиямен ойнаса, 16 қазан күні Астанада Андорра құрамасымен бақ сынайды.