Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Ұлттар лигасының кезекті ойындарына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов қараша айында өтетін Ұлттар лигасы ойындарына шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады.

 

 Аталған тізімге 24 ойыншы шақырту алған. Олар:

 

Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Тобол»);

Қорғаушылар: Дмитрий Мирошниченко («Тобол»), Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков (барлығы - «Астана»), Александр Марочкин («Қайсар»), Ғафуржан Суюмбаев («Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков (барлығы - «Кайрат»), Серікжан Мужиков, Бақтиер Зайнутдинов (екеуі де - «Астана»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Думан Нәрзілдаев («Қайсар»), Максим Федин («Тобол»);

Шабуылшылар: Роман Муртазаев, Алексей Щеткин (екеуі де- «Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Тобол»), Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Россия)

 

Резерв:

Қақпашы - Александр Мокин («Астана»),

Қорғаушы - Нұралы Әліп («Қайрат»),

Жартылай қорғаушылар - Иван Антипов («Ақжайық»), Юрий Перцух («Атырау»),

шабуылшы - Оралхан Өміртаев («Шахтер»).

 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында Латвия құрамасын қабылдаса, 19 қараша күні Тбилиси қаласында Грузияға қарсы ойнайтын болады.