Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Головкин мен Альварес кездесу алдындағы жаттығуларын аяқтап Лас-Вегасқа келді

Головкин мен Альварес кездесу алдындағы жаттығуларын аяқтап Лас-Вегасқа келді.

 

16 қыркүйек күні әлем көз тіккен бокс кешінде отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы рематч өтеді. Өткен жылы болған бірінші жекпе-жек даулы тең нәтижемен аяқталған болатын.

 

Лас-Вегасқа келген қос боксшы  Grand ойын-сауық кешенінде баспасөз маслихатын берді.

 

Алғашқы болып сөз алған отандасымыз: «15 қыркүйек (Астана уақытымен 16 қыркүйек) бокс тарихындағы және жанкүйерлер үшін өте маңызды күндердің бірі. Және мен осы жерде болғаныма қуаныштымын. Менің қарсыласым жақсы боксшы. Бірақ менде дайынмын. Тек жеңіске жетуді көздеп отырмын.»

 

Сауль Альварес: «Қолдау көрсетіп жатқан барша адамдарға айтар алғысым шексіз. Көп сөйлегім келмейді. Барлығын рингте шешеміз. Мен тек жеңгім келеді. Бұл менің жұмысым.»

 

Бұған дейін белгілі болғандай, WBA/WBC/IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық кәсіби боксер Сауль Альварес екінші мәрте жекпе-жек өткізуге келіскен болатын. Әлем асыға күткен кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. 

 

Қазақстанда аталмыш бокс кеші 16 қыркүйек сағат 06:00-де (Астана уақытымен) «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсетілетін болады. Сондай-ақ, айтулы шараны kaztrk.kz сайтынан онлайн режимде және «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасы арқылы да тамашалауға мүмкіндік бар.  

 

Сондай-ақ, WBA, IBO және The Ring  журналының  чемпиондық белбеулерін тартысқа салатын бокс кешінің үздік сәттерін Youtube-тегі «Qazaqstan TV» арнасынан да көруге болады.

 

Еске сала кетейік, Головкин-Альварес, UFC жекпе-жектері, UEFA футбол матчтары және өзге де  әлемдік деңгейдегі спорт додаларының телевизиялық және интернет-трансляциясын Қазақстан Республикасы аумағында тарату құқығы  тек «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында бар. 
Сәйкесінше, трансляция құқығын бұзу фактілері тіркелсе, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының өкілдері сот органдарына арыздануға мәжбүр болады.