Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Хабиб Нурмагомедов UFC тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғап қалды

Американың Лас-Вегас Қаласында өткен UFC229 жекпе-жек кешінің басты қаһармандары болған Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек төртінші раундта аяқталды.

 

Ирландиялық қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңген ресейлік Нурмагомедов чемпиондық белбеуін қорғап қала білді.

 

Осылайша ресейлік спортшы өзінің алғашқы чемпиондық қорғауын сәтті аяқтады. Сондай-ақ Нурмагомедов өзінің жеңіліссіз рекордын көтере түсті (11-0).

 

Ал, ирландиялық спортшы өзінің екінші жеңілісіне ұшырады.