Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

«Qazsport» телеарнасы «Qazaqstan FIGHTER» жобасына өтінімдер қабылдайды

«Qazsport»  телеарнасы «Qazaqstan FIGHTER» жобасына қатысқысы келетін азаматтардан 12 маусымға дейін өтінім қабылдайды.

Өтінім беру шарттары:

1.  18-28 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының кез келген азаматы реалити-шоуға қатысуға өтінім бере алады. 
2. Салмақ дәрежесі: 65,8 
3. Дене шынықтыру диспансерінің рұқсаты болу керек. Үміткер физикалық тұрғыдан мықты, дені сау болуы қажет. Созылмалы ауруы болмауы тиіс.
4. Спортта тәжірибесі және әуесқойлар жекпе-жегінде қандай да бір жетістіктері болуы қажет. (ММА, қолма-қол ұрыс, самбо, бокс, күрес, кикбоксинг, муай-тай, карате, таэквондо, джиу-джитсу және т.б.)
5. Қатысушының көпті қызықтыра білетін қасиеттері болуы тиіс.
Ескерту: Кәсіби жекпе-жекте тәжірибесі бар және кәсіби промоушндармен келісімшарт жасағандар реалити-шоуға қатыса алмайды.

                                                           Қатысушыға қойылатын талаптар:

1. Қатысу талаптарын орындау;

2. Толтырылған сауалнаманы жіберу;

3. Жалаңаш кеудеде сайыскерлік тұрыспен түскен сапалы суретін қоса жолдау;

4. Сканерден өткен диплом, сертификаттар мен әуесқойлар жекпе-жегіне қатысқанын растайтын анықтаманың электронды нұсқасы (шақырту алған жағдайда, барлық құжаттардың түпнұсқасы қажет)

5. Форма № 86 анықтамасы мен көкірек қуысының рентгенге түсірілген кескіні (электронды нұсқада).

6. Осы ақпараттарды [email protected] электронды мекенжайына жіберу. 

Өтінімдер 2018 жылдың 12 маусымына дейін қабылданады. 

- Іріктеу кезеңінен өткен барлық үміткер кастингке шақыру алады.

- Финалдық турдың іріктеуіне дейінгі келіп-кету және тұру шығындарын үміткердің өзі төлейді.

- Егер ұйымдастырушылардан шақырту алмаған болсаңыз, алғашқы іріктеу турынан өтпегенсіз.

 

Бағдарламаға қатысу үшін өтінім беру 12 маусым сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.

Жүктеп алыңыз
Жобаға қатысу үшін өтінім шарттары
Анкета

Бас жүлде - 5 000 000 теңге. 


Айта кетейік, «Qazaqstan FIGHTER» – көпбөлімді телевизиялық реалити-шоу. Бұл жобада жас спортшылар «Аралас жекпе-жектен Қазақстанның ең мықты спортшысы»  атағы үшін сынға түсетін болады. Жобаның қазылар құрамына:  Жақсылық Үшкемпіров,  Ермахан Ибраимов,  Ардақ Назаров, Юрий Мельниченко, Бейбіт Шүменов, Данияр Қасқарауов,  Сағындық Мекеев  секілді танымал спортшылар, Олимпиада чемпиондары,  түрлі спорт ұйымдарының жетекшілері кіретін болады. Жобаның мақсаты – спорт пен бәсекелестік рухты, салауатты өмір салтын дамытумен қатар, MMA кәсіби спорт түрін кеңінен насихаттау. Еліміздегі жаңа таланттардың есімдерін анықтап, отандастарымыздың спортта жеткен жетістіктері арқылы патриоттық сезімді дамыту.