Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады
Іздеу нәтижесі

{{item.name}}

{{item.description | htmlToPlaintext | textPart:950}}

{{item.published_at | asDate:'d.MM.yyyy'}}
{{item.views | number}}

Тайрон Вудли UFC 228 турнирінде чемпиондық атағын төртінші мәрте қорғап қалды

Аралас жекпе-жектен UFC 228 турнирінің негізгі кардында өнер көрсеткен жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Тайрон Вудли мен ағылшындық Даррен Тилл арасындағы айқас тәжірибелі Вудлидің пайдасына шешілді. 

 

Жекпе-жекке дейін сарапшылар чемпиондық атаққа үміткер ағылшындық жеңіске жетеді деп сенімді болған. Алайда, екінші раундтың орта тұсында Тайрон Вудли қарсыласына жойқын соққыларын дарытып, өзіне ыңғайлы позиция ұстап алды. Партердегі айқас сәтінде қылғындыру әдісін ұтымды пайдаланған америкалық 25-жасар қарсыласына жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүрледі.

 

Осылайша, Тайрон Вудли чемпиондық атағын төртінші мәрте қорғап қалды.

 

Ал, кештің басқа кездесулеріне келетін болсақ Забит Магомедшарипов Брэндон Дэвистан басым түсті. Ал, Джимми Ривера Джон Додсонды жеңсе, Абдулразак Альхасан бірінші раунда Нико Прайсты нокаутқа жіберді. Әйелдер арасында кештің басты жекпе-жегі атанған Джессика Андраде мен Каролин Ковалькевич жұбында Джессиканың шеберлігі басым болды.